Наурыз көже әзірлеу қанша тұрады

Наурыз көже әзірлеу қанша тұрады
Фото: Sulpak

Kazinform агенттігінің тілшісі ұлттық тағамды дайындауға қанша қаржы керек екенін білді.

Еліміздің әр өңірі оны әртүрлі жолмен дайындайды, қоспасында да өзгешелік бар.

Мәселен Қазақстанның солтүстік бөлігінде Наурыз көжені сүт еттен дайындайды. Соғымның майлы бөлігінің дәмі мен иісі ерекше болады. Оған сүт немесе айран қосады.

Ал еліміздің өзге өңірлерінде мейіз, сәбіз, бұрыш, жылқы етінің орнына сиыр етін асады. Сонымен бірге салатын дәндері де өңірлерге қарай өзгеріп отырады. Арпа, бидай, күрішпен қатар жүгері, кейде үрмебұршақ, кеспе салады.

Тіпті бір өңірдің өзінде Наурыз көжені бірнеше жолмен дайындайды. Әр әйелдің өз үйренгені, білгені бар. Маңыздысы – ұлттық тағамға 7 түрлі дәм қосуы тиіс.

Қазақстанда бұл тағамның бағасы қанша?

Сонымен:

Жылқы етінің келісі – 3 900 теңге, сүр ет – 5 000-7 500 теңге (бір келі жылқы еті мен 500 гр сүт ет аламыз)

Айранның 0,9 л – 470 тг

Күріштің 800 гр бағасы – 653-1300 тг (бізге шамамен 100 гр керек және оның бағасы 81 тг)

Арпаның 800 гр бағасы – 396 тг (көжеге 100 грамы керек, бағасы 50 тг)

Құрттың келісі – 5 000 теңге, сорпаға қосуға арналған сүзбенің 500 гр – 1 500 теңге (250 гр сүзбені 750 теңгеге аламыз)

Тұздың келісі – 78 теңге (бірнеше шымшым тұз саламыз).

Наурыз көжеге қажетті жеті дәмнің бағасын саралаған кезде орта есеппен 9 мың теңге шықты.