Екібастұзда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Екібастұзда жасөспірім қыз жоғалып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іздеу жұмыстары екі күн бойы жүріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«АНГЕЛ» ерікті іздестіру-құтқару жасағының мәліметінше, 14 жасар Дарья Дебус 2 тамыз күні үйінен шығып кетіп, осы күнге дейін оралмаған. Ол Сәтбаев көшесі, 50-үйде тұрады.

Қыздың шашы қою қызыл түсті, бойы 160-165 сантиметр, дене бітімі мығым. Үстінде сұр түсті күртеше, қара шорты және ақ кроссовки болған.

Еріктілер Дарьяны көрген-білген адам болса, «102» нөміріне немесе 8 (776) 816 80 80 (Олеся) және 8 (705) 162 00 24 (Рената) телефондарына хабарласуды сұрайды.