Екібастұзда маскүнем жазаланды

Екібастұзда маскүнем жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол балаларды қорқытқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде екібастұздық тұрғын көршісіне шағым жазған болатын. Оның айтуынша, Әуезов көшесі, 7-үйде тұратын ер адам үнемі мас күйінде болып, балаларға қауіп төндіреді.

– Ол 10 жасар баланы ұрды. Ал екі жасар қызды балшыққа батырып жіберемін деп қорқытқан, – деп жазады әйел.

Полицейлер арызға дереу жауап берді. Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық жасаған азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, кейін сотқа жолданды.