Павлодарда тұрғын үйлердің қысқа дайындығы сынға алынды

Павлодарда тұрғын үйлердің қысқа дайындығы сынға алынды
Фото: Константин Шелков

Жөндеу жұмыстары жаздың соңына дейін аяқталуы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік ұйымдарда жылу жүйелері жаңартылып, көмір жеткізушілерді анықтайды. Бірақ, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салхановтың айтуынша, жұмыс ресми түрде жүргізілуде. Бұл туралы ол облыс әкімдігінде өткен жиында айтты.

– Формализмді Екібастұздағы қазіргі төтенше жағдай көрсетті. Бұл ішкі жылу жүйесінің уақтылы емес әрі сапасыз дайындалуынан байқалды. Бұл олқылық кейіннен жылу жүйесінің жарамсыздығына әкелді, – деді Ержан Салханов.

31 тамызға дейін 15 білім беру нысанының жылу жүйелерінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.

Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылыту маусымында Ақтоғайдағы екі мектепте және Шарбақты ауданындағы балабақшада жылудың төмендеуі тіркелді. Бұл да жылумен жабдықтау жүйелерін шаю және қысымды сынау бойынша жұмыстардың ресмилігін көрсетеді.

 – Ертіс ауданындағы №1, 4 мектептерде жылыту маусымына дайындық кезінде ақау анықталды. Қазандық 2019 жылы «Өрлеу» ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген. Бүгінде қазандықтардың тозығы жеткен, ауыстыруды қажет етеді, – дейді Ержан Салханов.

Денсаулық сақтау нысандары бойынша жоспар 56,2 пайызға орындалды. Биылғы жылы 15 ғимаратқа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Бұған дейін жиында облыстың қалалары мен аудандарындағы тұрғын үйлерінің алдағы қысқа дайындығы талқыланды. Ержан Салхановтың сөзінше, үйлердің 46,7 пайызы алдағы қысқа дайын. Өткен жылы дәл осы күнге дейін зәулім ғимараттардың 29,7% толық дайын болған еді.