Павлодар облысында қандай азық-түлік өнімдері арзандады?

Кейбір позициялар қымбаттады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, 2025 жылғы тамыздағы тұтыну бағаларының индексі 101,2 пайызды, азық-түлік тауарларына – 100,4 пайызды, азық-түлік емес тауарларға – 101,2 пайызды, ақылы қызметтерге 102,1 пайызды құрады.
Азық-түлік тауарлары тобында жұмыртқа бағасы 19,8 пайызға, кондитерлік өнімдер –8,1 пайызға, ет (ет өнімдерін қоса алғанда) – 1,8 пайызға, нан өнімдері мен жарма –1,3 пайызға, сүт өнімдері – 0,6 пайызға, май және тоң майлар 0,5 пайызға қымбаттады.
Көкөністер мен жемістерден сәбіз 43,5 пайызға, пияз – 36,5 пайызға, картоп – 36,3 пайызға, қырыққабат 18,2 пайызға, алмұрт 11,6 пайызға арзандады.
Азық-түлік емес тауарлардың ішінде кеңсе тауарлары бағасы 8,3 пайызға, тұрмыста қолданылатын тоқыма бұйымдары – 2,7 пайызға, бензин, киім-кешек пен аяқ киім 1,6 пайыздан, жуғыш және тазалау құралдары – 1,5 пайызға, фармацевтикалық өнімдері 0,4 пайызға қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсету бойынша шаштараз және жеке қызмет көрсету бағасы – 4,7 пайызға, амбулаториялық қызметтері – 3,9 пайызға, көлік қызметінің 1,5 пайызға өсуі байқалды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында ыстық суға тарифтер 12,7 пайызға өсті.