Екібастұзда пәтерден өрт шығып, төрт адам құтқарылды
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұз қаласында бес қабатты тұрғын үйдегі пәтердің бірінде өрт шыққаны туралы «101» қызметінің пультіне хабарлама келіп түскен.
— Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері 4-қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттардың жануын жедел түрде сөндірді. Жалын жалпы аумағы 20 шаршы метрді шарпыған,- делінген хабарламада.
Тілісіз жауды ауыздықтау барысында құтқарушылар баспалдақ арқылы көрші пәтерлерден 2 адамды эвакуациялап, тағы 2 адамды құтқарды.
Зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиғаның себебі анықталуда.
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.