Павлодарда жарты ғасырлық тарихы бар сауда орталығында лифт орнатылмақ

Мүгедектігі бар азаматтарға ғимарат ішінде жүру оңайға түседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Олжа» сауда орталығы Павлодар нарығында 1972 жылдан бері жұмыс істеп, орталықта орналасуына және көлік қозғалысының көптігіне байланысты бизнеспен айналысуға арналған танымал орын болып қала береді. Бірақ ғимарат бес қабатты болғандықтан, сатып алушыларға сауда орталығында жүру қиынға соғады, сол себептен сауда төмендей бастады.
– Біздің жалға алушылар мен сатып алушылар жоғары қабаттарға ауыр сөмкелермен баспалдақпен көтерілу қиын болуына шағымданды, әсіресе мүгедектігі бар адамдарға, қарияларға, кішкентай балалары бар ата-аналарға қиын, – дейді «Корпорация Манакпай» ЖШС басшысы Марал Тезекбаева.
Сондықтан сауда орталығының екінші қабатынан бесінші қабатына дейін лифт орнатуға шешім қабылданған болатын. Бұған кәсіпкерге «Нұрбанк» АҚ арқылы алынған жүз миллион теңгеден жылына 10,25 пайыз көлемінде субсидия беруді бекіткен «Даму» қорының инвестициялық бағдарламасы көмектесті. Ал қалған тоғыз пайызын жеті жыл бойы Марал Тезекбаева өзі төлейді.
Инвестициялық 16 миллион теңгеге ресейлік компаниядан жүк көтергіштігі 800 келі лифт сатып алып, 83 миллион теңгеге лифт шахтасы құрылған. Лифт шахтасының құрылысы өткен жылдың қараша айында басталған. Лифттің өзі 1 тамызда іске қосылады. Оны орнатудың арқасында сауда орталығында екі жұмыс орны пайда болды.
– Бұл – өте дұрыс шешім. Енді бізге әжелер қуана келеді. Басшылыққа алғысымыз шексіз, – дейді жалға алушы Әсия Балтабаева.
Жобаны жүзеге асыру қала инфрақұрылымына бағытталған мақсатты инвестициялардың қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартумен қатар, шағын және орта бизнесті дамытуға қалай ықпал ететінін айқын көрсетеді.
Фото: өңірлік коммуникациялар қызметі