Қызылорда-Павлодар тас жолында автокөлік жанды

Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қыркүйек күні сағат 17.38-де Ақсу ауылының Пограничник ауылының маңында Hyundai Sonata жолаушылар көлігі жанды.
Қызылорда-Павлодар тас жолында төрт шаршы метр аумақта көлік жанып кетті.
Тілсіз жау сағат 18.05-те ауыздықталып, 18.08-де жойылды.