Екібастұзда садақшылар сынға түсті

Екібастұзда садақшылар сынға түсті
Фото: pixabay.com/giovannaorlando

«Алтын жебе» клубының ашылуына орай дәстүрлі садақ атудан облыстық турнир өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Додаға облыстың 50 жас қатысушысы өз садақтарымен қатысып, мергендіктерін шыңдады. Қатысушылар арасында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының «Дос» клубының алты жас садақшысы бақ сынады.  Жас өрендер үшін бұл жай ғана спорттық жарыс емес, ата-бабамыздан келе жатқан нағыз батырларға, серілерге тән өнер түрі болды.  

Турнирде орталықтың тәрбиеленушісі Ибкар Омар нысанаға дәл тиіп, клубтың қоржынына қыздар арасында күміс медальды қанжығасына байлады. Жастар арасында Назар Айдарғали табандылық пен дәлдікті көрсете отырып, қола медальді қоржынға салды.  

Мен оқушыларымды мақтан тұтамын, олар лайықты өнер көрсетті. Бұл жеңістер – талант пен жаттығудың нәтижесі. Тәрбиеленушілерімнің жарқын болашақтарына сенемін, – деді ұстазы Амангелді Егінбай.

Қатысушыларға арналған турнир бірлік мерекесіне айналды.