Ақсулық жастар Ертіс жағасында қоқыс жинады
Оларға қала тұрғындары көмектесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Таза жағалау» акциясына жүзге жуық адам қатысты, оның ішінде студенттер, кәсіпорын қызметкерлері және тағы басқалары бар.
– Біздің басты міндетіміз - қоқыс жинау және әрбір адамға әрқашан және кез-келген жерде тазалық пен тәртіпті сақтау керектігін еске салу. Акция табиғатты қорғаудың қаншалықты маңызды екенін түсінетін адамдарды барынша көп тартуға мүмкіндік береді, – дейді Ақсу қалалық жастар бастамаларын дамыту орталығының мамандары.
Қатысушылар акция өзеннің экологиялық жағдайын жақсартып, қоғамның назарын экологиялық мәселелерге аудара алады деп шешті.