Павлодарлық оқушы Швейцариядан күміс алып келді

Павлодарлық оқушы Швейцариядан күміс алып келді

Химия пәнінен халықаралық олимпиадасында Ринат Илюсизов үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Швейцарияда Цюрих қаласында жыл сайын өткізілетін халықаралық олимпиадаға павлодарлық лицей оқушысы қатысып, күміс жеңіп алды.

Бұл олимпиада 1968 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл 55-ші Халықаралық химия олимпиадасына (IChO-2023)  әлемнің 88 елінен 350-ден астам мектеп оқушы қатысты. Оның арасында республикалық команда құрамында «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» КММ 10-сынып оқушысы Ринат Илюсизов болды. Ринат бірнеше жылдан бері республикалық олимпиадаларда жақсы нәтиже көрсетіп келе жатыр, сондай-ақ 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қола жүлдегері. 

Зияткерлік сайыс теориялық және эксперименттік турлардан тұрды. Олимпиада қорытындысы бойынша Ринат Илюсизов күміс медалімен марапатталды.

Фото: облыстық білім беру басқарамасы ұсынды.