Көлік министрі Павлодар облысының жұртшылығымен кездеседі
Өңір тұрғындары өздерінің сауалдарын қоя алатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
23 желтоқсанда ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Күн тәртібіне сәйкес ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.
– Кездесу сағат 12:00-де Қайырбаев көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар қаласы әкімдігінің ғимаратында өтеді. Өңір тұрғындарын кездесуге шақырамыз,– деді министрліктің баспасөз қызметінде.
Толық ақпаратты +7 (707) 808-60-70 телефон нөмірі арқылы алуға болады.