Павлодарлық мұражайда палеонтологиялық коллекциялар каталогының тұсауы кесілді

Павлодарлық мұражайда палеонтологиялық коллекциялар каталогының тұсауы кесілді
Фото: Ертіс музейі

Бұл – көптеген жылдар бойғы еңбектердің жемісі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ертіс мұражайында Павлодар облыстық Г.Н.Потанин атындағы  тарихи-өлкетану музейінің палеонтологиялық коллекциялар каталогының тұсаукесері өтті.  

 Топтама палеонтологтарға, өлкетанушыларға, тарих және биология мұғалімдеріне, студенттерге, Павлодар Ертіс өңірінің тарихына қызығушылық танытатын жандардың барлығына арналған. Салтанатты лента қиылған соң іс-шара қонақтары мен қатысушыларына каталогтар таратылды.

 Тұсаукесер рәсіміне  Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарының тарихшылары, өлкетанушылары, археологтары, қала кітапханалары мен мұражайларының өкілдері, Павлодар қаласындағы орта мектептер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары келіп қонақ болды.