Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аймақта тұман мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, синоптиктердің болжамы бойынша 5 желтоқсаннан 6 желтоқсанға қараған түні облыс аумағында тұман мен көктайғақ болады. Дауылды ескерту 5 желтоқсан сағат 20:00-ден 6 желтоқсан сағат 20:00-ге дейін күшінде болады.

Сенбі, 6 желтоқсанда, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі, ал күндіз көктайғақ болуы мүмкін.