Ленин кентінде кіреберіске стела орнатылады
Дизайнды әзірлеу кезінде жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Стела Павлодар әкімінің тапсырмасы бойынша орнатылады. Эскизді және жобалау-сметалық құжаттаманы «ДС Альянс» ЖШС мердігері әзірлейді.
Эскиздер жергілікті тұрғындардың талқылауына шығарылды. Жобалық-сметалық құжаттаманы алғаннан кейін әкім аппараты 2024 жылға арналған бюджеттік өтінімді қалалық экономика және қаржы бөліміне жібереді.
Кент әкімдігінде мамандар стела дизайны бойынша құжаттама әзірлеп жатқанын хабарлады. Қаржыландыру және өндіріс мерзімі жобаның күрделілігіне байланысты болады.