Павлодар облысында ірі елді мекендерде газ өткізіледі

Павлодар облысында ірі елді мекендерде газ өткізіледі
Фото:pixabay.com

Газдандыру мәселесі облыс әкімі Асайын Байхановтың «Достық үйінде» БАҚ өкілдерімен кездесуінде талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аймақ басшысының сөзінше, үйлерге газ тарту үшін өңірдегі экономиканың өсу қарқыны жоғары деңгейде сақталуы тиіс. Әсіресе экологияға, өндірістік кәсіпорындардың бір бөлігін иондық газға ауыстыруға қатысты.

– Энергетика министрлігінің қарамағында арнайы комиссия құрған, яғни Үкіметте құрылған жұмыс тобында бұл мәселе талқылануда. Комиссияның ішінде өзім бармын. Газ тартудың екі жолы қарастырылды, – деді Асайын Байханов. 

Облысқа «Сарыарқа» магистральді газқұбыры немесе Омбы тарату станциясынан газ өткізу жоспарланған.  

– Бұл мәселені Үкімет мемлекетаралық деңгейде пысықтауда. 2025 жылы осы мәселе бойынша бір келісім болады деп үміттенемін. Ең алдымен, даму перспективасында газды ірі тірек ауылдарға жүргіміз келеді, бұл – Железин, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандары және Абай облысына көшумен солтүстік бөлігі арқылы өткізу, – деді облыс әкімі.

Ал егер «Сарыарқа» магистральді газқұбырынан тартылатын болса, онда керісінше Абай облысынан Ақсу, Екібастұз, кейін Павлодар қаласына келеді. 

– Бұл жылу жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектеседі. Павлодар облысының ірі елді мекендері газбен бірінші кезекте қамтылатын болады. Газ құбырының магистралі газ компаниялары есебінен, ал тарату желілерін жергілікті әкімдіктер салынады, – деді Асайын Байханов. 

Айта кетейік, өңірде табиғи газ және газ тарату желілері жоқ.