20 қыркүйекте Павлодар облысында аздаған жауын жауады

20 қыркүйекте Павлодар облысында аздаған жауын жауады
Фото: Константин Шелков

Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ауа температурасы түнде +5..+10, күндіз +18...+23 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге дейін жетеді. 

Ауа температурасы түнде +7...+9, күндіз +20...+22 градус көрсетеді.