Павлодарда бірқатар үйлер мен нысандар сусыз қалды

Павлодарда бірқатар үйлер мен нысандар сусыз қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бригадалар жұмысқа кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 15 қарашада Назарбаев - Лермонтов көшелері аймағында су құбыры желілерінде зақымданулар  анықталды. 

– Осыған байланысты қаланың оңтүстік бөлігіндегі Назарбаев көшесі бойымен Торайғыровтан Лермонтовқа дейінгі көшеде орналасқан тұрғын үйлерде су беру тоқтатылды, – деп жазылған хабарламада. 

Зақымданған жерлерді қалпына келтіргеннен кейін сумен жабдықтау  бүгін шамамен сағат 21:00-ге дейін қалпына келтіріледі.

Сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.