Павлодар қаласы мен ауылдық округтердің әкімдері тұрғындармен кездеседі
Жұртшылықтың көкейінде жүрген мәселелер талқыланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2024 жылы 4 желтоқсан - 25 желтоқсан аралығында тұрғындармен кездесулер өтеді.
– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес облыс орталығының басшысы Хасар Хабылбеков пен Павлодар қаласының ауылдық округтері әкімдерінің халықпен кездесулері өтеді, – деп хабарлады қалалық әкімдікте.
6 желтоқсан күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін – Павлодарское ауылының мәдениет үйі;
10 желтоқсан сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін – Кенжекөл ауылдық округі Долгое ауылының мәдениет үйі;
Сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін – Кенжекөл ауылдық округі Байдала ауылының мәдениет үйі;
11 желтоқсан сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін – Кенжекөл ауылының мәдениет үйі;
12 желтоқсан сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін – Жетекші ауылының Жетекші ЖОББМ;
18 желтоқсан сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін – Атамекен кентінің Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйі;
15 желтоқсан сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін – Павлодар қаласы Қ.Әбусейітов атындағы МСО.