Павлодар өңірінде жол бойындағы инфрақұрылым жетілдірілуде

Павлодар өңірінде жол бойындағы инфрақұрылым жетілдірілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс аумағында оннан астам санитарлық-гигиеналық торап жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жол бойындағы сервисті дамыту – халыққа көрсетілетін көлік қызметінің сапасын арттырудағы басым бағыттардың бірі. Бұл үдерісте алыс қашықтыққа сапар шегетін жүргізушілер мен жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды рөл атқарады.

— Павлодар облысының аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қазіргі уақытта 12 санитарлық-гигиеналық торап орналасқан. Бұл нысандар жол қозғалысына қатысушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, олардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, - дейді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалында.

Ұлттық компания «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында қызмет көрсету нысандары салынып, қолданыстағылары жаңғыртылуда.