Павлодар аспанында Қазақстан бас символы желбіреді
Бұл туралы бұйрықты облыс әкімі Асайын Байханов берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Павлодардағы аттас алаңда елдің бас туы салтанатты түрде көтерілді. Павлодар гарнизонының командирі полковник Сәкен Шырынханов сарбаздар мен офицерлерді сапқа қойып, олардың мерекелік рәсімге әзірлігі туралы облыс әкіміне хабарлады.
Асайын Байханов көк туды облыс орталығы аспанына көтеру туралы бұйрық берді, ҚР әнұраны шырқалды. Павлодарлықтар алдында жергілікті гарнизон әскерилері, күштік құрылымдар қызметкерлері парад ұйымдастырды. Құрметті қонақтар арасында облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Нұрлан Нәбиев те болды.
- Кез келген тәуелсіз мемлекет дербес рәміздерге ие болуы керек. Біз Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымызды мақтан етеміз. Барлық жұртты осынау мерекемен құттықтаймын. Аспанымыз әрқашан ашық болып, қазақстандықтар аман-сау, бақуатты болсын, - деді Нұрлан Нәбиев.
Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Владимир Берковский ел халқының біртұтастығын сақтап, көбейтудің маңыздылығын атап өтті.
- Бұл әрбір қазақстандық үшін маңызды мереке. Еліміз өсіп-өркендеп келеді және бұл еліміздегі, қоғамымыздағы біртұтастық пен келісімнің арқасы деп білемін. Ал, мемлекеттік рәміздер дегеніміз қазақстандықтарды ұйыстырып, біріктіретін күш, - деді Владимир Берковский.
Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер алаңындағы ту – өңіріміздегі ең үлкен байрақ. Оның ені он, ұзындығы жиырма метр, флагшток биіктігі – 40 метр.