Демалыс күндері Павлодар облысында 40-тан астам жол апаты орын алды

Демалыс күндері Павлодар облысында 40-тан астам жол апаты орын алды

Жол-көлік оқиғаларынан 1 адам көз жұмып, 8 адам жарақаттанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, демалыс күндері облыс аумағында 43 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 

14 сәуір күні автокөлік жолының үстіндегі көпірде «ВАЗ 21013» көлігінің 52 жастағы жүргізушісі тайғақта тізгінге ие бола алмай, «Ауди 100» көлігімен соқтығысты. ЖКО салдарынан 1966 жылғы жолаушы ауруханаға жатқызылды. 

15 сәуір күні Омбы-Майқапшағай жолында Песчаное ауылының маңында «Ауди 80» көлігінің 46 жастағы жүргізушісі де тізгінге ие бола алмай, жол шетіне шығып, аударылып қалған. 

– Жол апаты салдарынан «Ауди 80» көлігінің жүргізушісі және 1986 жылғы жолаушысы ауруханаға жатқызылды, – деді департаментте. 

Департаменттің хабарлауынша, автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылған және тексеру жүргізілуде.

Еске салайық, бұған дейін 16 сәуір күні Шідерті кентінің маңында 217030 автокөлігі аударылып қалғанын хабарлаған болатынбыз. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болды.

Фото: Константин Шелков