Павлодарда өрт шыққан пәтерден сегіз жасар бала құтқарылды

Павлодарда өрт шыққан пәтерден сегіз жасар бала құтқарылды
Фото: куәгерлер ұсынды

Тілсіз жау 10 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздарды қамтыды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 желтоқсанда сағат 15.28-де 112 пультіне пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама  түскен. 

Ермак көшесіндегі үш қабатты үйде үшінші қабатта екі бөлмелі пәтер жанды. ТЖ орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері мен медициналық апаттар орталығының қызметкерлері дереу жолға шықты, – дейді департаментте. 

Пәтерде 2015 жылы туған бала болған, әжесі сол кезде дүкенге азық-түлік сатып алуға шығып кеткен. Газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметкерлері автосаты орнатып, балкон арқылы баланы құтқарды. 

Апаттық медицина орталығының қызметкерлері баланы тексеріп шыққаннан кейін  «жеңіл жану заттарымен улану» диагнозы қойылды. Ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.

Өртті сөндіруге алты техника мен 21 қызметкер қатысты. Өрт  сағат 15-58-де сөндірілді.