Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 17 сәуір күні 20:00-ден 18 сәуір күні 20:00-ге дейін облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында 17-22 м/с дейін жетуі ықтимал. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарынан сақ болуды және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.