Павлодарда жылыту маусымына дайын үйлердің кезекті тізімі жарияланды

Павлодарда жылыту маусымына дайын үйлердің кезекті тізімі жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үйлердің саны алты жүзден асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 29 тамыздағы жағдай бойынша 2024-2025 жылыту маусымына 643 үй дайын.

Үйлеріңізді жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпаратты қызмет көрсететін ұйымдардан тексеріңіз, – дейді баспасөз орталығында.

Үйлердің тізімін көру үшін осы сілтеме арқылы өту керек.