Павлодардың бірнеше көшесінде су уақытша өшіріледі
Тұрғындардан алдын ала су жинап алу сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 тамызда Циолковский көшесі, 9 мекенжайы бойынша мердігер сумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда су болмайды:
- Циолковский көшесі, 3, 4, 9, 11, 12, 12а, 13, 15, 16/1, 17, 19, 23/2;
- Расковая көшесі, 5, 5/1, 6/2, 6А/1, 7, 7/1, 9, 9А;
- Қамзин көшесі, 114, 114А, 130/1, 130/2, 132, 134А;
- Павлов көшесі, 82/1 – балабақша;
- Осипенко көшесі, 5;
- Катаев көшесі, 71, 73.
Тұрғындарға жөндеу жұмыстары басталғанға дейін қажетті мөлшерде су жинап алу ұсынылды.