Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Өңірде қар, жаңбыр, көктайғақ және тұман күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қараша күні түнде өңірдің солтүстігінде қатты жауын-шашын, ал оңтүстігі мен батысында көктайғақ пен тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік бөлігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.