Павлодарда 31 қазанда бірқатар мекенжайда жарық өшіріледі

Павлодарда 31 қазанда бірқатар мекенжайда жарық өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр қуаты кейбір нысандарда 12 сағатқа дейін болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қазанда электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қаланың бірқатар тұрғын үйі мен коммерциялық нысанында жарық уақытша ажыратылады.

Сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін:

  • Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 97, 97/1 (№104 балабақша), 99 («GREENWICH» супермаркеті, Тырнақ сервисі студиясы, көшпелі клининг сервисі, сауда-монтаждау компаниясы, күзет жүйелері, «Венера-Асар» сұлулық салоны мен тігін ательесі), 99/1 («SALTANAT» банкет залы);

Сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін:

  • Краснодонская – Құлынды – Амангелді – Орал көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.