Павлодар облысында инфрақұрылымдық жобалар нақты уақыт режимінде бақыланады

Павлодар облысында инфрақұрылымдық жобалар нақты уақыт режимінде бақыланады
Фото: Валерий Бугаев

Облыс әкімдігі басқарудың цифрлық форматына көшуді жалғастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аймақ басшысы Асайын Байхановқа ахуалдық-талдау орталығының деректеріне мониторинг жүргізу мен талдау жасаудың жаңа құралдары, соның ішінде «Қарызсыз қоғам», Е-akimat365, автобустарды диспетчерлеу жобалары таныстырылды.

– Нақты уақыт режимінде ахуалдық орталықта «Easy Project» ақпараттық жүйесі арқылы облыстың инфрақұрылымдық жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізіледі. Биыл жүйеге 350-ден астам жоба енгізілді,– деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінде.

Ұлттық жобаларға мониторинг «Битрикс» арқылы жүргізіледі. Бұл алты бағыт бойынша жұмыстар – 111 жоба. Онлайн режимде деректерге көзбен шолу жасалады. Қызметкерлер кез келген нысанның құрылыс барысын көре алады, білім беру нысандарындағы температуралық режимді бақылай алады және т.б.

Биыл Мемлекет басшысының «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында облыстың барлық аудандарында қаржылық сауаттылық сабақтары ұйымдастырылды. Жобалық кеңсе әкімдіктермен, бейінді мемлекеттік органдармен жұмысты белсенді үйлестіріп, халықты бағдарламаға қатысуға тартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады. Оқу жоспары 6500 адамды қамтуды көздеп, бүгінгі таңда 6495 адам оқытылды. Бұл 99,9% құрайды.

Сондай-ақ, кеңсе әкім тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізу үшін «Хаттама» жүйесін пайдалануды жоспарлап отыр. Жүйе арқылы барлық тапсырмаларды есепке алу, оларды орындау мерзімдерін белгілеу, орындалу мәртебесі мен сапасын талдау жүзеге асырылады.

Облыс әкімі ахуалдық-талдау орталығының ағымдағы және жаңа жобаларымен танысып, автобустарды диспетчерлеу, «Қарызсыз қоғам» жобаларының қызметтерін пысықтауды, сондай-ақ, барлық процестердің талдауын жақсарту үшін деректерді уақтылы жаңартуды қамтамасыз етуді тапсырды.