Павлодарлық орындаушы ресейлік стендаперді жылатты
Руслан Ачкинадзе – музыкант, композитор ғана емес, пародист, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
42 жастағы Павлодар тұрғыны жақында ресейлік «Ярче звезд» пародия шоуына қатысып, Михаил Шуфутинскийдің репертуарымен өнер көрсетті. @Pavlodarnews.kz тілшісі онымен Ресей сахнасындағы бір қойылымынан кейін сұхбаттасып көрді.
Композитордың музыкалық мансабы қалай басталды?
Руслан Ачкинадзе бала кезінен музыкаға қызығушылық танытқан. Оқуға және музыкалық аспаптарға деген құштарлық оның талантын арттыра түсті. Фортепиано және саксофонмен өмір бойы дос болды. Бірақ Руслан жасөспірім шағында ғана ән айта бастаған.
– Мен екі-үш жасымда фортепианоға құмар болдым, – деп еске алады Руслан Ачкинадзе. – Алты жасымда мені музыка мектебіне оқуға берді. Оны үздік бітірдім. Одан кейін музыкалық колледжді қызыл димпоммен тәмәмдадым. Кейінірек саксофон да қосылды. Қазақ ұлттық музыка академиясына оқуға түсіп, Астанаға кеттім.
Павлодарлықтың айтуынша, оның мамандығы – әнші емес, пианист және саксофоншы. Ол он бес жасында «Орфей» тобының негізін қалаушы Виктор Баланюктің студиясына түскенде ғана ән айта бастаған. Оған дейін музыка мектебінің хорында ғана ән айтқан.
Руслан одан әрі даму үшін Павлодардан кеткен, бірақ жыл сайын отбасына қонаққа келіп жүреді.
– Ата-анама келгенде «Крендель», «Шырақтар», «Хан Сарайы», «Golden Palace» және «Хижинада» өнер көрсеттім, – дейді музыкант. – Иса Байзақов атындағы музыкалық колледж бен облыстық филармония залында да жеке концерттер бердім.
Өз әндері, пародиялар және ТВ экранына шығу арманы
Руслан Ачкинадзе Виктор Баланюк екі жігіт пен екі қыздан құрылған команданың мүшесі болды.
– Мен «Свои» тобына 2000-шы жылдардың басында әндер мен аранжировкаларды жаздым, – деп еске алады ол. – Тіпті, дискі де шықты. Қала мен республика тарапынан қолдау болмағандықтан, Мәскеуге кетуге бел будым.
Музыкант пародияға әзілмен қарайды. Дегенмен ол өз орындауындағы шығарылымдарды пародия деп санамайды. Бірақ бала кезінен түрлі дауыстар мен мәнерлерді көшіруге әуес болған.
– Пародия мен үшін әзіл-оспақ жанр, сайқымазақ, сатиралық еліктеу түрі, – деп санайды музыкант. – Менің бұл ісім – пародия емес. Түпнұсқаға мүмкіндігінше жақын орындауға деген жай ғана ұмтылыс.
Бәрі балалық шағынан жануарлар мен құстардың дыбыстарын көшіруден басталған.
Русланның айтуынша, ол Юрий Шатунов, Стас Михайлов, Рэй Чарльз, Николай Басков, Леонид Агутин, Том Джонс, Фрэнк Синатра, Тото Кутуньо, Андриано Челентано, Элтон Джон, Виктор Цой және Сергей Жуковтың әндерін шебер орындайды.
Руслан Ачкинадзе әрқашан теледидар экрандарына шығуды армандайтын. Бірақ ол бірден жетістікке жете қоймаған.
– Осыдан жеті жылдай бұрын «Россия-1» телеарнасының «Главная сцена» жобасына құжат тапсырдым. Мені тым жақсы ән айтады, басқа кандидаттарға кедергі жасайды деп қабылдамады, – деп еске алады музыкант.
«Ярче звезд» шоуы туралы
«Ярче звезд» — TНT арнасындағы жүргізуші Гарик Мартиросянның қатысуымен дарынды вокалистер, пародистер мен әртістер жиналған музыкалық шоу. Қатысушылар әлемдік деңгейдегі әртістерге пародия жасайды. Ал кім жақсы өнер көрсетсе, шоудан ақшалай сыйлықпен кетеді.
Әртістерді қазылар алқасы бағалайды - Stand Up шоуының қатысушысы Иван Абрамов, Comedy club жұлдызы Марина Кравец, әнші Алексей Чумаков және дубляж актрисасы Татьяна Шитова.
– Іріктеу онлайн түрде жүргізілгендіктен, олар барлық республикалардан әртістерді іздеді, – дейді Руслан. – Олар мені әлеуметтік желілерден тапты. Маған хабарласқанда мен ән айтып, бейнебаянды WatsApp арқылы жібердім. Мен олар сұраған әндерді орындадым. Содан «Мосфильмге» келіп, жобаға қатысу туралы келісімге қол қойдым.
Неге Шуфутинский?
– Шуфутинскийді жобаның өзі таңдады, – дейді Руслан Ачкинадзе. – Олардың мақсаты Шуфутинскийді табу болған. Оны табу оңай емес. Түпнұсқаға дыбыстық ұқсастыққа жету өте қиын. Ешқандай макияж көмектеспейді. Мен бұл әншінің әндерін орындауға ұзақ уақыт дайындалдым. Корпоративтік шараларда кавер-әнші бола жүріп, оның әндерін 2000 жылдардың басында айта бастадым. Маған сол көмектесті.
Шоуда музыкант-пародист Михаил Шуфутинскийдің «Для милых дам» және «Пальма де Майорка» сияқты әндерін шырқады.
– Қазылар алқасы менің сирек дыбыстық ұқсастығым үшін мені суперфиналда көргісі келеді, – деп кейіпкеріміз болған жайтпен бөлісті. – Ал Instagram желісіндегі жазбалардың астындағы көрермендердің пікірлері қуантады. Мен үшін басты жүлде – қазылар алқасы мен телекөрерменнің реакциялары. Менің кейіпкерім өте күрделі және оның ешкімге ұқсамайтын тембрі бар. Ал көрермендердің оны мүмкіндігінше жақын орындай алғанымды мойындауы – мен үшін басты марапат.
Михаил Шуфутинскийдің әндерінен кейін жылап отырған Иван Абрамовтың видеосы TikTok пен Instagram-да тарады. Пікірлерде барлығы: «Павлодар, алға!» деп жазуда.
– Абрамов сағыныштан жылады, – деп атап өтті павлодарлық Шуфутинский. – Бұл оның анасы мен әкесінің сүйікті әні еді. Дыбыс пен жалпы энергияны медиумдар сияқты жақсы жеткізе алғандықтан, Иван оны сезді, сондықтан көзінен жас тамды. Мен үшін бұл – мойындаудың ең жоғарғы дәрежесі.
«Ярче всех» шоуының бесінші кезеңі өтті, онда Руслан Ачкинадзе «Полина Гагарина», «Билли Эйлиш» және «Майкл Джексонмен» бір сахнада өнер көрсетті. Бас жүлде – ақшалай сыйлық. Бірақ павлодарлық музыканттың айтуынша, ол үшін ең бастысы – тыңдарманның танылуы.
Фото: ашық деректерден
Әсия Серікова