Павлодарда 13 қазанда бірнеше көшеде су 12 сағатқа өшіріледі

Павлодарда 13 қазанда бірнеше көшеде су 12 сағатқа өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шектеу тұрғын үйлер мен бірқатар нысанды қамтиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады.

  • Луговая көшесі: 16;
  • Торайғыров көшесі: 1, 1/1, 1/1А, 1/2, 1/3, 1/4, 1/5, 1/6, 3, 3/1, 6;
  • Конституция алаңы: 1, 1/1;
  • Набережная көшесі: 11Б.