Павлодар облысында сайлауалды бағдарламалардың орындалуы қадағалануда

Павлодар облысында сайлауалды бағдарламалардың орындалуы қадағалануда
Фото: "AMANAT" партиясының Павлодар облыстық филиалы

Үш ауданның әкімдері саяси кеңестің бюросында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT»  партиясының облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Жұмысқа өңірлік филиалдың атқарушы хатшысы Айгүл Маликова, Саяси кеңес Бюросының мүшелері, облыс аудандарының әкімдері, партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары қатысты. 

Отырыста бюро мүшелері Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимовтың, Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арыновтың және Шарбақты ауданының әкімі Сержан Иманқұловтың сайлауалды бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндамаларын тыңдады. Аудан басшылары білім беру, денсаулық сақтау, сумен жабдықтау, әлеуметтік нысандар салу, жолдарды жөндеу және т. б. салаларда атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы айтып берді. 

Әкімдерді тыңдау биыл алғаш рет өткізілуде. Аудан басшыларының үшеуі де сайлауға конференция арқылы ұсынылды. Партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларына осы тәжірибені тұрақты негізде енгізуді және саяси кеңес Бюросының отырыстарында ауылдық округ әкімдерінің есептерін тыңдауды тапсырамын, – деді партияның өңірлік филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова.

Отырыс барысында Саяси кеңес мүшелері әлеуметтік желілердегі Ақтоғай ауданындағы тебіндей алмай жылқы малының құлауы, ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, жастарды жұмысқа орналастыру, ауылдық елді мекендерді дамыту перспективалары туралы мәселелерге қатысты сұрақтар қойды. Мәселен, Саяси кеңес мүшесі Владимир Берковский «Жасыл ел» штабының қызметі аясында жұмыс істейтін жастардың жас көрсеткішін төмендету туралы ұсыныс айтты. 

Қазіргі ережеге сәйкес, жастар 16 жастан бастап жұмыс істей алады. Конституция бойынша Қазақстанда 14 жастан бастап күніне 4 сағаттан артық емес жұмыс істеуге болады. Жазғы кезеңде оқушыларға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу туралы өтініш білдіремін. Балалардың өздері де, олардың ата-аналары да бұл өтінішті жиі жолдайды, – деп атап өтті Саяси кеңес мүшесі.

Железин ауданының әкімі өткен жылы жазғы кезеңде шаруа қожалықтарында, жеке кәсіпкерлікте, егістіктерде 100-ден астам бала жұмысқа орналастырылғанын атап өтті. 

Бюро отырысында Жол картасын іске асыру мерзіміндегі түзетулер талқыланды, отбасы және әлеуметтік қорғау, экология мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестердің төрағалары, басымдықтар бойынша әйелдер қанатының тең төрағалары бекітілді. Партияның 41 конференциясын шақыру туралы хабарландыру маңызды мәселелердің қатарында болды.