Павлодар облысында заңсыз елік аулағандар құрықталды

Павлодар облысында заңсыз елік аулағандар құрықталды
Фото: Константин Шелков

Олардың көлігінен оннан астам жануардың ұшасы табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мичурино ауылының маңындағы Ертіс өзенінің жайылмасында полиция қызметкері ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өкілімен бірлесіп ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында заңсыз аң аулау фактісінің жолын кесті.

Тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғындардан қоңырау келіп түсті.  Олар екі адамның аң аулағанын хабарлаған. Аталған жерге келген тәртіп сақшылары екі ауыл тұрғынының заңсыз елік аулағаны анықтады. 

– Олардың қарда жүретін көлігінен  12 жануардың ұшасы, 5 дана тегіс ұңғылы мылтық табылды. Күдіктілерге қатысты заңсыз аң аулау фактісі бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды,– дейді департаментте.

Еске сала кетейік, бұған дейін облысында сібір елігін атып алғандар ұсталды. Оларға жалпы сомасы бір миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.