Павлодарда құрғақ шөп пен қоқыс өрті сөндірілді

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бүгін сағат 17:23-те Шығыс өнеркәсіптік шағын ауданында құрғақ шөп пен қоқыс өртенгені туралы хабар түскен.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетіп, тілсіз жауды сағат 17:53-те ауыздықтады. Өрттің жалпы аумағы 40 шаршы метрді құрады.