Екібастұздағы өрт адам өліміне себепкер болды

Екібастұздағы өрт адам өліміне себепкер болды
pexels.com

Тілсіз жау моншадан шыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға туралы 15 қыркүйек күні сағат 22:43-те хабарлаған.

- 101 байланысына Екібастұз қаласы, 21 Южный к-сі, 4 үйде, монша жанып жатқаны туралы айтылды. Шақыру орнына Павлодар облысының ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Яғни, тілсіз жаумен арпалысқа 16 қызметкер 6 техникамен аттанды. Келгеннен кейін алаңы 40 ш.м. кірпішпен қапталған шаруашылық құрылысының жанып жатқаны анықталды. Барлау барысында шаруашылық құрылысында тұратын 1974 жылы туылған азаматтың денесі табылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, оқиға орнына 103, 102 қызметтері де жіберілген. Өртті сағат 22:55-те оқшаулап, 23:20-да жою мүмкін болды.