Павлодар облысында қанша қоғамдық тыңдау өткізілді?
Қоғамдық тыңдаулар – қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мәселелері қозғалатын мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысу нысандарының бірі.
Қоғамдық тыңдаулар табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдері, міндетті сипатта болатын мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуге материалдарды дайындау кезеңінде жүзеге асырылады.
Көзделіп отырған жобалар туралы анық және өзекті ақпарат бірыңғай ақпараттық көзде – Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жалпыға қолжетімді ақпараттық ресурс – бірыңғай экологиялық порталды жүргізуде.
Тыңдау рәсімінің өзі үнемі жетілдіріліп отырады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 қазандағы № 294 Бұйрығымен қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Негізгі өзгерістер аралас форматтағы тыңдауларды (ашық жиналыс және бейнеконференциялар) міндетті түрде өткізуге әсер етті. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының қоғамдық тыңдаулар өткізуге арналған сұрау салу хатын қарау мерзімі күнтізбелік 10 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Қайталама қоғамдық тыңдаулар өткізу талап етілетін жағдайлар көрсетілген:
1) егер қайтадан берілетін өтініште және (немесе) қоса берілетін құжаттарда қоғамдық тыңдауларда бұрын қаралмаған, белгіленіп отырған қызметке ҚР Экология кодексі 65-бабының 2-тармағында көзделген елеулі өзгерістер болжанған;
2) егер бұрын өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамасында осындай қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында авторлары алып тастамаған жұртшылықтың ескертпелері және (немесе) ұсыныстары болған;
3) егер қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы экология заңнамасының қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарының бұзылуына жол берілген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу талап етілмейді.
2023 жылы Павлодар облысының аумағында ашық жиналыс нысанында 116 тыңдау, Экопорталда жария талқылау нысанында 256 тыңдау өткізілді.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу бойынша қажет ақпаратты және консультацияны Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 5Б мекенжайы бойынша облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасынан алуға болады. Байланыс нөмірлері: 32-16-81, 65-25-59.