Павлодарлық үздік гандболшылар марапатталды

Павлодарлық үздік гандболшылар марапатталды
Фото: Константин Музалевский

Марапатқа үздік нәтиже көрсеткен спортшылар ие болды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

№2 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі өз шәкірттері үшін жыл сайынғы дәстүрлі жаңа жылдық шырша мерекесін өткізді.

Салтанатты іс-шара өтіп бара жатқан жыл қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен жас спортшыларды құттықтап, марапаттаумен басталды.

Сондай-ақ, шара барысында гандболдан бірінші лигадағы командалар арасындағы ел чемпионатының жүлдегерлеріне қола медальдар табысталды. Олар 11 команда қатысқан ел біріншілігінен жүлделі оралған. Сонымен қатар, Дарья Мозговая, Софья Ерыгина, Зарина Альмукашева чемпионаттың үздік ойыншылары атанған. 

Салтанатты марапаттау бөлімінен соң гандбол, волейбол, баскетбол бөлімшелерінің тәрбиеленушілері үшін көңілді старттар ұйымдастырылды. Іс-шара би кешімен аяқталды.