Павлодар облысының полицейлері ұлттық компанияға ескерту жасады
Республикалық маңызы бар тас жолдың бір бөлігі талапқа сай болмай шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері республикалық маңызы бар автомобиль жолына тексеру жүргізді.
– Кезекті іс-шара «Омбы – Майқапшағай» автожолының Абай облысы бағытындағы учаскесінде өткізілді. Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою және жол учаскесін белгіленген талаптарға сәйкестендіру жөнінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның атына нұсқама жолданды, – деді облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедьянов.
Ведомствода атап өткендей, автомобиль жолдарын тексеру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі және республикалық, облыстық әрі аудандық маңызы бар жолдарды қамтиды. Аталған іс-шаралар жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға және қысқы кезеңде жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.