Павлодар облысының тұрғындарынан алыс сапарға шықпау сұралады
Ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» облыстық филиалының мәліметінше, 20-21 қаңтар аралығында қалың қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
– Сіздерден алыс сапарға шығудан бас тартуды және жол ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз, – деді мамандар.
Ведомство, сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жабылуы мүмкін екенін ескертті.