Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері су тасқынындағы ерлігі үшін марапатталды

Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері су тасқынындағы ерлігі үшін марапатталды
Фото: Павлодар облысының ТЖД

Қиын қыстау кезде көмек қолдарын созғаны үшін оларға Алғыс хаттар табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Отан қорғаушы күнін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге және жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі бойынша салтанатты іс-шара өтті.

20 жас жауынгер салтанатты түрде ант қабылдады.

ҚР ТЖМ бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 72 қызметкер медальдармен, грамоталармен, алғыс хаттармен және арнаулы атақтармен марапатталды, оның ішінде 51 қызметкер су тасқынына қарсы күресте көмек көрсеткені үшін СҚО ТЖД бастығының атынан Алғыс хаттар алды, – дейді баспасөз орталығында.

Павлодар облысының аумағында су тасқыны салдарын жоюда көрсетілген белсенді азаматтық ұстанымы үшін еріктілер ұйымдары және бей-жай қарамайтын азаматтар марапатталды. 

Содан кейін мәңгілік отқа гүлдер қойылып, батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.