Павлодарлықтар ерекше форматтағы автошерудің куәсі болады
Шара «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
25 қараша күні Павлодарда «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясын қолдау мақсатында автошеру ұйымдастырылады. Іс-шара сағат 10:00-де басталады.
Автошерудің қатысушылары «Жасыл Топай» шаңғы базасының тұрағынан жолға шығып, Усолка ауданындағы көпір маңына дейін барады.
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. Оның басты мақсаты – әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне қоғам назарын аудару, сондай-ақ мұндай жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсету.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Павлодардағы автошеру «Заң мен тәртіп» идеологиясы негізінде өтеді.