Павлодар облысында орман сілеусіні камераға түсіп қалды

Павлодар облысында орман сілеусіні камераға түсіп қалды
Фото: pexels.com / Paulino Acosta Santana

«Ертіс орманы» резерваты табиғатта сирек көзге түсетін жыртқыштың бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметінше, орман арасында жүрген сілеусін камераға түсіп қалған.

Мамандардың айтуынша, сілеусін – адам көзіне көп түсе бермейтін сақ әрі епті жыртқыш. Ол орман ішінде дыбыссыз қозғалып, айналасындағы ортаға үйлесетін реңінің арқасында көзге байқалмай жүре алады.