Павлодар жылу электр орталығы қысқы маусымға қалай дайындалуда?

Павлодар жылу электр орталығы қысқы маусымға қалай дайындалуда?

Жабдықтарды күрделі жөндеу жұмыстары шамамен жаз бойы жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодардың №3 жылу электр орталығында алты қазандық қондырғы және алты турбоагрегат жұмыс істеп тұр. Станциядағы қазандық қондырғылар қатты қызған бу шығаруға арналған болса, турбоагрегаттар турбинаның айналу арқылы шыққан механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіреді. Бұл жабдықтың үздіксіз және экологиялық таза жұмысын қамтамасыз ету үшін станция жылыту маусымына дайындық жоспарын дайындады, оны №3 ЖЭО бас инженері Сергей Петров түсіндірді.

– 10 наурыздан бастап №4 қазандық агрегатында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша ауа жылытқышының төменгі және ортаңғы ярустары ауыстырылып, екінші сатыдағы су экономайзері және салқын жылытқыштың елу пакеті ауыстырылуы керек. Қазіргі уақытта қосалқы құрал-жабдықтар жөнделді. Осының барлығына 496 млн теңге бөлінді, - деді бас инженер. - Біз жоспардан озып, жұмыстың 83 пайызын орындадық, 20 маусымға дейін толықтай бітіреміз.

Екінші қазандық қондырғысы төртінші қазандықтағы сияқты қысқы дайындық кезеңдерінен өтеді. Ол 1 маусымнан бастап жөнделмек. Ал одан кейін №6 қазандық ұлғаймалы жөндеуге шығарылады.

Турбоагрегаттарға келетін болсақ, №1 жабдық 1 сәуірден бастап, әлі де жөнделіп жатыр. Жылулық жұмыс көлемі жоспарына 233 млн теңге қажет болды. Жоба бойынша металды тексеру, жоғары және төмен қысымды баллондарды ашу, май жүйесін жөндеу, конденсаторларды тазалау және қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың металын тексеру жұмыстары жүруде. Жөндеу жұмыстары соңғы кезеңде, толықтай 30 мамырдан кейін іске қосылмақ. Жұмысшылар осы турбо блогын аяқтағаннан кейін алтыншы турбоагрегатқа көшеді.

Биыл да мамандар 1970 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан №1 түтін құбыры қолға алмақ. Өткен жылы ол тоқтатылып, сараптамадан өтіп, алдағы қалпына келтіру кезеңдерінің көлемі анықталды. Биыл да бір айға, яғни 20 маусымнан 20 шілдеге дейін тазалау және жөндеу жұмыстарына тоқтататын болады. Ал әзірше оны қайта жөндеуден өткізіп, жұмыс істеп тұрған қазандық қондырғылары №2 түтін құбырына қосады.

- Жабдықтардың бірі жөндеуге шығарылған кезде станция бұрынғы параметрлермен жұмысын жалғастырады. Жөндеу жұмыстарының ұзақ мерзімді желілік кестесін құру кезінде біз жылу электр жүктемесінің сақталуын қамтамасыз етеміз, бұл жабдықты генерацияны азайтпай жұмыстан шығаруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Сергей Петров.

Сонымен қатар, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ жөндеу науқаны қосалқы және жалпы станциялық жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды, душ кабиналары мен дәретханаларды қайта құруды қамтыды.

Фото: өңірлік коммуникациялар қызметі