Павлодардағы №47 мекемеде сотталғандарға «Семьянин» фильмі көрсетілді

Павлодардағы №47 мекемеде сотталғандарға «Семьянин» фильмі көрсетілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кинокөрсетілім тәрбиелік және мәдени-демалыс жұмысы аясында ұйымдастырылып, отбасылық құндылықтар талқыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шара тәрбиелік және мәдени-демалыс жұмысы шеңберінде өтті.

– Фильм көрсетілімінен кейін қатысушылар сюжетті талқылап, өз пікірлерімен бөлісті. Олар отбасылық құндылықтардың маңызын, жақындар алдындағы жауапкершілікті және өмірдегі адамгершілік ұстанымдарды сақтаудың қажеттігін атап өтті, – деді облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай кинокөрсетілімдер сотталғандардың оң көзқарасын қалыптастыруға, рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайтуға және отбасылық байланыстарды сақтауға ұмтылысын арттыруға ықпал етеді.