Павлодар облысында балық аулауға шыққан екі азамат көлігімен мұз астына түсіп кетті

Павлодар облысында балық аулауға шыққан екі азамат көлігімен мұз астына түсіп кетті
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

1978 және 1976 жылы туған ер адамдардың денесі табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 22 наурыз күні сағат 20:33-те Екібастұз қаласының ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында болған. 

- Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгендері анықталды. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кеткен. 23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денесі су қоймасынан шығарылды. 

Төтеншеліктер мұздың қазір өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.