Павлодар әкімі апатты жағдайда болған лифттің жағдайын тексерді

Павлодар әкімі апатты жағдайда болған лифттің жағдайын тексерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінгі таңда тағы бес апатты лифтті жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала басшысы Хасар Хабылбеков Н. Назарбаев даңғылы, 52-үйдің тұрғындарымен кездесіп, пайдалануға берілген жаңа лифтінің жағдайын тексеріп қайтты.

– Бұл лифт тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында ауыстырылды. Қазіргі уақытта тағы 5 лифтіні ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп жазды Хасар Хабылбеков өзінің Instagram-парақшасында.

Сонымен қатар, шаһар басшысы тұрғындарға көпқабатты үйдің шатыры, қасбеті немесе лифтіні жөндей алатын бағдарлама бар екенін еске салды. Ол үшін Кривенко көшесі, 25 мекенжайында 701 және 711-кабинеттеріне келіп, немесе 62-33-22 телефоны бойынша тұрғын үй инспекциясы бөліміне жүгіну қажет.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)