Ақсу қаласында жылу желілеріне жүргізілетін сынақ күні белгілі болды
Қала тұрғындарын сақ болуға шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, 10-12 мамырда қалада жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі. 15-16 мамырда жылу желілерінде есептік (максималды) температура бақыланатын болса, 17-19 мамырда нақты гидравликалық және жылу шығыны анықталмақ.
- Мұндай сынақтар Ақсу қаласының аумағындағы шағын аудандарда да жүргізіледі. Мәселен, 22-23 мамырда гидравликалық сынақ, 24 мамырда максималды температура және 25-26 мамырда нақты гидравликалық және жылу шығынын анықтау көзделуде, - делінген хабарламада.
Әкімдік бұл күндері адамдардан қысымға ұшырайтын магистральдық құбырлардың жанында абай болуды сұрады.