Павлодарда Дүниежүзілік құтырумен күрес күніне орай семинар ұйымдастырылды
Аталмыш іс-шараға медициналық мекемелер мен ветеринарлық қызмет өкілдері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Құтырудың алдын алу акциясы аясында департамент алаңында Дүниежүзілік құтырумен күрес күніне орайластырылған облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар проблемалық мәселелерді талқылауға және құтырудың алдын алу бойынша одан әрі бірлескен жұмыс тактикасын әзірлеу үшін құтырудың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған.
Семинарды алғы сөзімен Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев ашты.
Семинарға департамент мамандары, ZOOM жүйесі арқылы медициналық мекемелер мен ветеринарлық қызмет өкілдері қатысты.
Баяндамашылар аймақтағы құтыру бойынша эпидемиологиялық, эпизоотологиялық жағдайларды, құтыру бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, жүргізу мәселелерін, сондай-ақ құтыру клиникасы, диагностикасы мен емдеу мәселелерін жеткізді.
Сонымен қатар, облыстың медициналық ұйымдарының халыққа антирабиялық көмек көрсету тәртібі, сондай-ақ құтыруға қарсы емдеу-профилактикалық иммундау схемасы айтылды.