Павлодарда қазақ тіліндегі комикстер көрмесі ашылды

Павлодарда қазақ тіліндегі комикстер көрмесі ашылды
Фото: С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұсынды

Оқырмандарды «Комикстер әлемі» Торайғыров кітапхасында, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында кітап сүйер оқырмандар үшін қолжетімді форматта комикстер бұрышы ашылды. 

Көрмеге қазақ тіліндегі «Комикстер әлемі», М.Барфилдтың «Комикстегі астрономия», сіз бұрын-соңды естімеген тарихи деректері бар «Комикстегі әлем тарихы», тіршіліктің тылсым сырлары туралы қызықты деректер білгілеріңіз келсе «Комикстегі жаратылыстану» және де М.Гуггенхаймның «Агенты Щ.И.Т.», К. Миураның ««Берсерк» атты бес кітабы, С.Снайдердің New York times нұсқасы бойынша №1 бестселлердің жалғасы «Американский вампир», белгілі комикс авторы Сара Андерсеннің «Клыки» т.б. кітаптары қойылған.

– Фантастикалық комикстер оқырмандарды қызықты және ғажайып оқиғалар әлеміне жетелейді. Түрлі-түсті және таң қалдыратын суреттер аниме әлемі жұмбақ әлемді ашады. Облыстық кітапханаға комикстердің ғажайып жұмбақ әлемін тамашалауға, баршаларыңызды шақырамыз,– деді кітапханада. 

Жапон комикстерін де көрмеден көруге болады. Олар солдан оңға емес, оңнан солға қарай оқылады.  Жас оқырмандар арасында комикстердің күрделі сюжеттері қызықтырады.