Павлодарлық оқушылар қалалық байқауда туған өлкесін бейнеледі
Өз суреттерінде олар өңірдің табиғаты мен сүйікті жерлерін көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық балалар көркемсурет мектебінде қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Туған жерім» атты қалалық байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті. Байқауға қаланың 24 мектебінің 158 оқушысы қатысты, оның ішінде 1-10-сыныптардың 12 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды.
– Өз суреттерінде қатысушылар табиғаттың сұлулығын, даланың кеңдігін, туған қаланың сүйікті жерлерін, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін көрсетті, – дейді қазылар алқасының мүшесі, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Алексей Балин.
Бірінші орынды «Туған жерім» жұмысы үшін № 41 ЖОМ 6 жасар оқушысы Вероника Терентюк, С. Торайғыров атындағы мектеп оқушылары «Кең дала» жұмысы үшін 10 жасар Амира Тәшімова, «Менің Отаным» жұмысы үшін 15 жасар Есения Уалиева, № 35 ЖОМ оқушысы 12 жасар Адина Қалиаскар «Менің өңіс өңірім» жұмысы үшін иеленді.
– Мен өз өлкемді, Павлодарымды қатты жақсы көремін, үйімнің терезесінен күннің шығуы мен батуын байқаймын. Бояулармен сурет салғанды ұнатамын. Менің Отаным Қазақстан одан да көркейе берсін, – дейді байқау жеңімпазы Есения Уалиева.
Екінші орынды № 39 мектептің 7, 11 жастағы 4 оқушысы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенев атындағы мектептердің оқушылары «Туған жерім», «Менің аулам», «Туған Қазақстаным», «Павлодардың өрт станциясы» жұмыстары үшін иеленді.
Үшінші орын Ш. Шөкин атындағы, № 40 ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептердің 6, 10, 11, 14 жас аралығындағы қатысушылары «Шуақты күн», «Туған өлкем Павлодар», «Жайлауда», «Каспийде» жұмыстары үшін иеленді.